Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан – Құран айы» атты шәкірттер арасында Құран оқудан өткен сайыста Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің шәкірті Серік Расул жүлделі 3-орынды иеленді.
Аталған сайыс қасиетті Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылып, жас шәкірттердің Құранға деген құрметін арттыруды, олардың тәжуид ережелерін дұрыс меңгеріп, көркем оқуға баулу мақсатында өткізілді. Білім додасына қала мешіттерінің шәкірттері қатысып, қасиетті Құран аяттарын мәнерлеп оқып, өзара бақ сынасты.
Сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы