Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен зағип жандарға арнайы ауызашар дастарханы жайылды.
Игі шараның басты мақсаты – қасиетті Рамазан айында мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетіп, оларға рухани қолдау білдіру болды. Ауызашар басында жиналған қауымға мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы Рамазан айының қадір-қасиеті, сабыр мен шүкіршіліктің маңызы туралы насихат айтты.
Басқосу барысында зағип жандарға жылы лебіздер айтылып, жамағатпен бірге ауыз ашылды. Сонымен қатар, мұндай қайырымдылық шаралары қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттырып, адамдар арасындағы бауырмалдықты нығайта түсетіні атап өтілді.
Шара соңында жамағат болып дұға жасалып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы тіленді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы