Center Image
IHSAN.KZ
«Қажыбай қажы» мешітінде ерекше балалардың аналарына ауызашар дастарханы жайылды
«Қажыбай қажы» мешітінде ерекше балалардың аналарына ауызашар дастарханы жайылды

Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Айлардың сұлтаны – Рамазан» атты ауызашар кеші өтті.

Кештің алғысөзін мешіт имамы Жандос Әшімұлы сөйлеп, жиналған қауымға қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті мен берекесі жайында уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналардың сабыры мен еңбегінің үлкен сауап екендігін атап өтіп, оларға құрмет көрсетіп, жылы лебізін білдірді.

Шара барысында аналар тағылымды уағыз тыңдап, түрлі ұтыс ойындарына қатысып, қайырымдылық жәрмеңкесін тамашалады. Рухани мазмұнға толы басқосу аналардың көңілін көтеріп, оларға ерекше әсер сыйлады.

Мейірім мен жанашырлыққа толы мұндай игі шаралар қоғамдағы бірлік пен қайырымдылықты нығайтып, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға рухани қолдау көрсетудің маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар аналарға шағын сыйлықтар табыстап, олардың отбасыларына амандық пен береке тіледі. Кешке қатысушылар осындай игі бастамалар үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz