Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, АБАЙ ҚАЛАСЫНДА 894- БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ БЕРІЛДІ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, АБАЙ ҚАЛАСЫНДА 894- БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ БЕРІЛДІ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай қаласында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында кезекті  894-баспананың кілтін табыстады.

Игі іс-шараға  ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы және аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы арнайы қатысып, игі іс-шараға демеушілік еткен дін жанашырларына алғыстарын білдірді.

Айта кетсек, «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында берілген  екі бөлмелі баспана Абай қаласының тұрғынына табысталды. Әлеуметтік көмекке мұқтаж, жалғыз басты ана алты баланы тәрбиелеп отыр.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz