Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды
«Қазыбек би» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айы бойы бесін намазынан кейін оқылған Құран хатымның дұғасы жасалды.

Мешіт имамы Құран хатымның дұғасын жасап, жиналған жамағатпен бірге ел мен жердің амандығын, халқымыздың бірлігі мен тыныштығын тілеп Алладан дұға етті. 

Сонымен қатар барша мұсылман қауымының жасаған құлшылықтары қабыл болуын сұрап, елімізге береке-бірлік, тыныштық пен амандық тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz