ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызының жетекшілігімен «Құранмен нұрланғандар» тобында дәріс алған 25 шәкірт қасиетті Рамазан айында Құранға түсіп, тәж киді.
Рамазан айы бойы тұрақты түрде діни ілім алып, Құран әліппесін меңгерген шәкірттер Алланың кәләмі – қасиетті Құранды бір айдың ішінде оқуды үйреніп шықты. Бұл – шәкірттердің ынтасы мен ұстаздың тынымсыз еңбегінің жемісі.
Іс-шара барысында шәкірттерге арнайы тәж кигізіліп, сертификаттар табысталды. Сонымен қатар ұстаздар мен жамағат жас шәкірттердің алдағы уақытта да Құран ілімін жалғастырып, дініміздің құндылықтарын терең меңгеруіне тілектестік білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы