Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Құран жарысы өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Құран жарысы өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан – Құран айы» тақырыбында шәкірттер арасында Құран оқу жарысы ұйымдастырылды.

Байқау барысында қатысушы шәкірттер «Фәжр» сүресінен «Нәс» сүресіне дейінгі аралықтағы Құран аяттарын көркем әрі дұрыс оқу бойынша өзара бақ сынады.

 Қатысушылар тәжуид қағидаларын сақтай отырып, Құранды мәнерлеп оқуға ерекше мән берді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын – «Ар-Рахман» мешітінің шәкірті (70 000 теңге)
II орын – «Әл-Машани» мешітінің шәкірті (50 000 теңге)
III орын – «Қазыбек би» мешітінің шәкірті (30 000 теңге) жүлде қорын иеленді.

Сонымен қатар жарысқа қатысқан ең жас, 4 жастағы қатысушыға арнайы ынталандыру сыйлығы табысталды.
Аталған жарыстың негізгі мақсаты – шәкірттердің Құран іліміне деген ынтасын арттыру, олардың оқу дағдыларын жетілдіру және жас буынның рухани тәрбиесін нығайту болып табылады.
 Жарыс соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, жеңімпаздар арнайы марапатталды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz