Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешіті қадір түнін қарсы алды
«Бала қажы» мешіті қадір түнін қарсы алды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде қасиетті Қадір түні ерекше рухани жағдайда аталып өтті.

Қасиетті Рамазан айы бойы тарауық намазын жүргізіп, жамағатқа Құран оқып берген қариға мешіт ұжымы тарапынан қаржылай сый-сияпат көрсетілді. Сонымен қатар, ақсақалдар өздерінің ақ батасын беріп, ізгі тілектерін білдірді.

Рухани кеш барысында жамағат бірлік пен ынтымақты нығайтып, қасиетті түннің берекесін бірге сезінді. Мұндай игі шаралар мешіт пен жамағат арасындағы байланысты күшейтіп, жастарға үлгі боларлық тағылымды іс ретінде бағаланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz