Шет ауданына қарасты Ақжал кенті мешітінің жамағаты қасиетті Қадір түнін қарсы алды.
Кеш барысында жамағатқа Қадір түнінің маңызы түсіндіріліп, Құран оқылып, арнайы діни бағдарламалар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, жастар мен балалар арасында Құран жарысы және діни сұрақ-жауап сайыстары өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытты. Дұрыс жауап бергендерге ақшалай сыйлықтар табысталып, балаларға тәттілер таратылды.
Сонымен қатар, мешітке демеушілік көрсеткен жандарға алғыс білдіріліп, арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
Рухани кеш аясында Алматы қаласынан арнайы келген қарилар – Аман қари мен Ибрахим қари Құран хатым дұғасын жасады. Қариларға құрмет ретінде иықтарына шапан жабылып, сый-сияпат көрсетілді.
Шара соңында мешіт асханасында дәм әзірленіп, жамағат таң сәріге дейін бірге болып, қасиетті түннің берекесін сезінді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы