Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешіті 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті
«Бала қажы» мешіті 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде қайырымдылыққа бағытталған игі шара ұйымдастырылып, 100 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Мешіт имамы Махмудқажы Нұрұлының ұйытқы болуымен өткен «Мұқтаждарға 35 мың азық-түлік себеті» атты ауқымды жоба аясында көмекке зәру жандарға қолдау көрсетілді.

Игі шараның басты мақсаты – қиындыққа тап болған отандастарға көмек қолын созып, олардың жүрегіне жылулық ұялату. Осы орайда демеушілер де бұл бастаманың қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.

Аталған қайырымдылық барысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, көпбалалы аналар және мешіт жамағатының әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарына жататын мүшелеріне күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік жиынтықтары үлестірілді.

Ұйымдастырушылар мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz