Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара аясында Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіне қарасты мүмкіндігі шектеулі балаларға «Рамазан сыйы» акциясы ұйымдастырылып, азық-түлік себеттері үлестірілді.
Аталған бастаманың негізгі мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету, қасиетті айда мейірім мен жанашырлықты арттыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы