Қарағанды облысы, Теміртау қаласының имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Бір күнде бір мұқтажға көмек» атты қайырымдылық акциясы игі жалғасын табуда.
Аталған акцияның басты мақсаты – қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, мейірім мен жанашырлықты насихаттау. Игі бастама аясында күн сайын тұрмысы төмен отбасыларға, көмекке мұқтаж азаматтарға қажетті азық-түлік пен қолдау көрсетіліп, олардың алғысына бөленуде.
Бұл шара – қасиетті айлар мен ізгі амалдардың мәнін арттырып, жамағат арасында қайырымдылық пен бауырмалдықты нығайтуға бағытталған сауапты іс. Осындай игі істер арқылы қоғамда жақсылық жасау дәстүрі кеңінен дәріптеліп келеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы