Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы мешітке арнайы зиярат етіп келген кейуанаға құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады.
Қасиетті Рамазан айында құлшылық ордасына ат терлетіп келген қарт ана – алтын құрсақты, немере-шөбере сүйіп отырған ардақты жан. Мешіт имамы оның өнегелі өмір жолын атап өтіп, ізгі тілектерін білдірді.
Кездесу барысында Асылхан Нұртайұлы кейуанаға «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Төртеу түгел болса» атты кітапты тарту етіп, қоғамдағы әжелер мектебінің маңыздылығы жайында ой қозғады.
Өз кезегінде қарт ана мешіт ұжымына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы