Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған іс-шара өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған іс-шара өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында жас отбасына арналған рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында исламдағы отбасы институтының маңызы, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара жауапкершілік пен сыйластық қағидаттары жөнінде насихат жүргізілді. Сонымен қатар шариғат талаптарына сай сәбиге азан шақырылып, есім беру рәсімі орындалды.
Аталған шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, ұлттық және діни дәстүрлерді сабақтастыра дәріптеу, жас отбасыларға рухани бағыт-бағдар беру болып табылады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz