Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай жастар жамағатына арналған ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жастар бір ортада бас қосып, ауыз ашып, өзара рухани байланыстарын нығайтты. Сонымен қатар кеш аясында Құран аяттары оқылып, рухани-танымдық насихат жүргізілді.
Аталған ауызашардың негізгі мақсаты – жастар арасында бауырмалдық пен ынтымақтастықты арттыру, Рамазан айының рухани құндылықтарын кеңінен насихаттау және имандылық қағидаттарын нығайту болып табылады.
Бұл іс-шара мешіттің жастармен жүргізілетін рухани-ағартушылық жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі ретінде жүзеге асырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы