Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасиетті Қадір түні аясында жамағатпен бірге бірнеше мәрте «Мүлік» сүресі оқылып, сауаптары бақилық болған марқұмдарға бағышталды. Рухани кеш имандылық пен ізгілікті дәріптеуге бағытталып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Шара мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен өтіп, оған жамағат өкілдері белсене қатысты. Қатысушылар бір кісідей Құран оқуға атсалысып, марқұмдардың рухына дұға бағыштап, сауаптан үміт етті.
Қадір түні – мың айдан қайырлы ерекше түн екені белгілі. Осындай қасиетті сәттерде жасалған құлшылықтар мен дұғалардың сауабы еселеніп жазылатынына сенген жамағат бұл игі іске үлкен ықыласпен қатысты.
Аталған шара жамағаттың бірлігін арттырып, рухани байланысты нығайта түсті. Сонымен қатар, қайырымдылық пен дұға мәдениетін жандандыруға өз үлесін қосты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы