Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында «Рамазан – Құран айы» атты Құран сайысы өтті.
Сайыс барысында қатысушылар Құран оқу шеберліктерін көрсетіп, өзара бақ сынасты. Іс-шараның негізгі мақсаты – шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың діни білімін жетілдіру болды.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы