Қасиетті Рамазан айында мейірім мен ізгілікке үндейтін игі шара аясында қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат аппараты және «AMANAT» партиясының Шахтинск қалалық филиалы бірлесіп, мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетті.
Қайырымдылық акциясы барысында 15 отбасыға арнайы дайындалған азық-түлік себеттері табысталып, олардың ризашылығына бөленді. Бұл игі бастама қоғамдағы жанашырлық пен өзара көмек құндылықтарын дәріптеудің жарқын үлгісі болды.
Іс-шараға мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы да қатысып, жамағатқа Рамазан айының рухани маңызы туралы насихат айтып, қайырымдылық жасаудың сауабы мол екенін атап өтті.
Ұйымдастырушыларға және игі іске атсалысқан барша азаматтарға шынайы алғыс білдіреміз.
Алла Тағала осы қасиетті айда жасалған әрбір қайырымды істі қабыл етіп, әр шаңыраққа береке, бірлік пен татулық нәсіп етсін.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы