Center Image
IHSAN.KZ
Әл Машани мешітінде әйелдер мен қыздар арасында білім сайысы өтті
Әл Машани мешітінде әйелдер мен қыздар арасында білім сайысы өтті

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында “Рамазанға қатысты 200 сұрақ” кітабы негізінде өткен  сайыс қорытындыланды. 

Бұл шараның басты мақсаты – қатысушылардың діни білімін арттыру, қасиетті айдың мән-маңызын терең түсіндіру және тақуалыққа тәрбиелеу болды.

Әйелдер мен қыздарға арналған «Артық білім – кітапта» атты оқу үйірмесінің шәкірттері рамазан айында кездескен түрлі сұрақтарға жауаптарын осы кітаптан ала отырып, ораза айын дұрыс өткізуге көп септігін тигізді. Рамазан айының соңында шәкірттер өзара сайысып, тесттік сұрақтарға жауап беру арқылы үздіктер анықталды.

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушылардың білімге деген құлшынысы жоғары бағаланып, сыйлықтар табысталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz