Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде тарауық намазын өткізген қариға құрмет көрсетілді.
Бұл құлшылық жамағаттың ауызбірлігін нығайтып, мешітке келушілердің ынтымағын арттыра отырып, барлық қатысушылардың бір сапта намаз оқуына септігін тигізді.
Мешітте тарауық намазын өткізген жерлесіміз Дәуліт қариға құрмет көрсетілді. Мешіт имамы Орманбет Болатұлы қариге ризашылығын білдіріп, жамағаттың қолдауымен жиналған қаражаттан сый-сияпат жасап, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жапты. Сонымен қатар, мешіт ақсақалдары мен жанашыр жамағат өз ризашылықтарын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы