Center Image
IHSAN.KZ
Балқашта қыздар арасында Құран оқудан сайыс өтті
Балқашта қыздар арасында Құран оқудан сайыс өтті

Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының ұйымдастыруымен қыздар арасында Құранның “Мүлік” сүресін жатқа оқу бойынша сайыс өтті.

Сайысқа қатысқан жеңімпаздар имамның алғысына ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Әйелдер арасындағы «Мүлік» сүресін жатқа оқудан:

  • Бірінші орын – 50 000 теңге
  • Екінші орын – 40 000 теңге
  • Үшінші орын – 30 000 теңге

Бұл шара мешіт жамағатының Құранға деген сүйіспеншілігін арттыруға және діни білімін жетілдіруге бағытталған маңызды рухани іс-шара болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz