Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешіті жамағаты қадір түнін қарсы алды
«Қазыбек би» мешіті жамағаты қадір түнін қарсы алды

ҚМДБ-ның  Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде қасиетті қадір түні жоғары деңгейде  аталып өтті.


Мың айдан да қайырлы болған берекелі кеште мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы барша мұсылман қауымын қадір түнімен құттықтап, қасиетті түннің берекеті жайлы уағыз - насихатын айтты. 


Мешітке жиналған мұсылман жамағатына дастарханы жайылып, 150 адамға ауызашар берілді.


Барша жамағат тарауық намазын оқығаннан кейін Құран хатым дұғасын жасады. 


Таң рауандап атқанша мешітте уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz