Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің жамағаты Қадір түнін қарсы алды
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің жамағаты Қадір түнін қарсы алды
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің жамағаты қасиетті Рамазан айының ең қадірлі түні – Қадір түнін ерекше ықыласпен қарсы алды.

Іс-шара барысында жамағат Құран Кәрім оқып, нәпіл намаздар орындап, зікір мен дұғаға ден қойды. Сонымен қатар түннің рухани маңызы мен артықшылықтары жөнінде насихат айтылып, жамағатқа тағылымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рухани кеш аясында жамағат арасында діни танымды арттыру мақсатында интеллектуалды сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Сондай-ақ ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігі пәтуа бөлімінің маманы, Қарағанды облыстық «Әнет баба» орталық мешітінің ұстазы Юсуф Шұғай тағылымды уағыз-насихат жүргізді.

Кеш барысында тарауих намазы оқылып, Құран хатымы жасалып, арнайы дұға бағышталды. Сонымен қатар Рамазан айы бойы, яғни 27 күн қатарынан Құран тиләуәт етіп тарауих намазын жүргізген екі қариға құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталды.

Аталған құлшылық кешінің негізгі мақсаты – жамағаттың рухани деңгейін арттыру, имандылық құндылықтарды нығайту және қасиетті түннің сауабынан үміт ете отырып, Жаратушыға жақындау болып табылады.

Бұл игі шара мешіт жамағатының бірлігі мен діни санасының жоғары деңгейін көрсететін маңызды рухани іс-шаралардың бірі ретінде өтті.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz