Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде қайырымдылық шарасы жүзеге асты
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде қайырымдылық шарасы жүзеге асты
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай балаларға арналған «Рамазан тәттісі» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында 30 жас бүлдіршінге арнайы дайындалған тәтті қоржындар таратылып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Аталған бастаманың негізгі мақсаты – жас буынның Рамазан айына деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Бұл игі шара мешіттің әлеуметтік-рухани бағыттағы тәрбиелік жұмыстарының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz