Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны ұйымдастырылды
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны ұйымдастырылды
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны өткізілді.

Аталған игі бастама ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асырылды. Іс-шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 50 отбасыға азық-түлік себеттері мен қажетті тұрмыстық көмек көрсетілді.

Марафонның негізгі мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін дамыту, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, сондай-ақ Рамазан айының ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын кеңінен насихаттау болып табылады.
Аталған шара мешіттің әлеуметтік-рухани бағыттағы жүйелі қызметінің бір бөлігі ретінде жүзеге асырылып, жамағаттың бірлігі мен жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етті.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz