Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде «Жүректен жүрекке» – қайырымдылық акциясы өтті
«Нұр» мешітінде «Жүректен жүрекке» – қайырымдылық акциясы өтті
Қасиетті Рамазан айында игі істер мен сауапты амалдар арта түсетіні белгілі. Осы орайда Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінде «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Аталған шараны Шахтинск қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы қолға алып, мешіт жамағатымен бірлесе жүзеге асырды. Қайырымдылық акциясы аясында 5 отбасыға қажетті көмек көрсетіліп, олардың алғысына бөленді.

Игі шараға спорт кешенінің қызметкерлері мен шәкірттері белсене қатысып, Рамазан айының рухани мәнін терең сезіне білді. Бұл – қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділіктің айқын көрінісі болды.

Шара барысында мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы сөз сөйлеп, қайырымдылық жасаудың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде мұндай игі бастамалардың қоғамға берері мол екенін атап өтіп, сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдірді.

Осындай қайырымды істер адамдар арасындағы бауырмалдықты арттырып, қоғамның бірлігін нығайта түсетіні сөзсіз.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz