Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешіті игі істі жүзеге асырды
«Әл-Ғаффар» мешіті игі істі жүзеге асырды

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің әйел-қыздар жамағаты қасиетті Рамазан айының берекелі күндерінде жетімдер үйіне арнайы барып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Аталған игі іс – тек материалдық көмек көрсету ғана емес, шынайы мейірім мен жанашырлықтың айқын көрінісі болды. Жамағат мүшелері балаларға сыйлықтар табыстап, олардың көңіл-күйлерін көтеріп, жүрек жылуын сыйлауға барынша ықылас танытты.

Шара барысында балалардың қуанышқа толы жүздері мен ақжарма тілектері ерекше әсер қалдырды. Осындай қайырымдылық әрекеттері қоғамдағы ізгілік пен қамқорлық құндылықтарының арта түсуіне ықпал ететіні сөзсіз.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz