Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде игі рухани шара ұйымдастырылды. Мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйытқы болуымен Ислам дінін қабылдаған өзге ұлт өкілдеріне арнайы ауызашар дастарханы жайылды.
Аталған шараға 30-ға жуық адам қатысып, олардың қатарында орыс, неміс, славян және өзге де ұлт өкілдері болды. Бұл – Ислам дінінің ұлт пен ұлысқа бөлмей, барша адамзатқа ортақ құндылықтарды насихаттайтындығының айқын көрінісі.
Кеш барысында мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы және азаншы Нұрғали Берікқұлұлы жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтып, имандылық, бірлік пен бауырмалдықтың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жаңадан Исламды қабылдаған жандарға рухани қолдау көрсетіліп, олардың жүректеріне сенім мен үміт ұялататын тағылымды әңгімелер айтылды.
Іс-шара соңында барлық қонақтарға мешіт атынан естелік сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер білдірілді. Мұндай басқосулар қоғамдағы татулық пен өзара құрметті арттырып, рухани байланысты нығайта түсетіні сөзсіз.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы