Қасиетті Рамазан айында мешіттерде рухани шаралар жиі ұйымдастырылып, жамағатқа пайдалы уағыз-насихаттар айтылуда. Осындай игі басқосулардың бірінде Әл Ғаффар мешіті ұстазы Бақыт Амантайқызы жамағатқа Алланы тану – иманның негізі екені жайында әсерлі уағыз айтты.
Уағыз барысында Алланы тану – тек сөзбен айту емес, жүрекпен сезіну, Оған толық мойынсұну екені кеңінен түсіндірілді. Ұстаздың айтуынша, адам баласы Жаратушысын таныған сайын оның жүрегінде тыныштық орнап, өміріне мән мен бағыт пайда болады.
Сондай-ақ, Алланы танудың жолдары да атап өтілді. Атап айтқанда:
• Қасиетті Құранды оқу және оның мағынасына үңілу
• Дұға жасап, Алламен байланыс орнату
• Жақсылық жасап, көркем мінез қалыптастыру
• Табиғаттағы жаратылыстар арқылы Алланың құдіретін сезіну
Уағыз барысында жамағатқа сабырлық, шүкіршілік, тәубе ету секілді құндылықтардың маңызы ерекше екені жеткізілді. Әсіресе, Рамазан айы – адам өзін тәрбиелеп, рухани тұрғыдан жаңаратын мүмкіндік екені айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы