Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде ұлық мереке дүбірлі додамен жалғасты
«Төлеутай ата» мешітінде ұлық мереке дүбірлі додамен жалғасты

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата»  мешітінде Ораза айт намазынан кейін мешіт ауласында жамағатқа арналған мерекелік шара ұйымдастырылып, қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындарынан дүбірлі дода өтті.

 Бұл бастама – ұлық мейрамның рухани мәнін арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Шара барысында жиналған қауым арқан тарту, қол күресі секілді ұлттық ойындарға белсене қатысып, өзара бақ сынасты. Әсіресе балалар мен жастардың қызығушылығы жоғары болып, мерекелік көңіл-күй ерекше сезілді.

Жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, жамағат бір-бірімен айт мерекесімен құттықтасып, ақжарма тілектерін арнады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz