Ораза айт мерекесі қарсаңында Ақтас кенті аумағындағы Ерімбет ата мешіті жамағаты мен келген қонақтарға арналған ерекше шара ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара аясында қатысушылар арасында қол күресі мен ұлттық ойын – асық ату бойынша сайыстар өткізілді. Жарысқа әр жастағы азаматтар белсене қатысып, өзара күш сынасып, мерекелік көңіл-күйді арттырды.
Шара соңында жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Бұл игі бастама мешіт төңірегіндегі рухани және мәдени өмірдің жандануына оң ықпал етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы