Қарағанды қалалық Төлеутай ата мешіті Ұлық мереке – Ораза айт қарсаңында балаларға арналған ерекше мерекелік шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында аниматорлар өнер көрсетіп, бүлдіршіндермен түрлі ойындар өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, балаларға айттық тәттілер үлестіріліп, мерекенің қуанышы еселенді.
Мұндай игі бастама мешіт жамағаты мен балалардың арасындағы байланысты нығайтып, айт мерекесін ерекше әсерлі әрі есте қаларлық деңгейде атап өтуге мүмкіндік берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы