Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті қасиетті Ораза айт мейрамы қарсаңында қазыналы қарияларды да назардан тыс қалдырмады. Мешіт ұжымы үлкендерге мерекелік көңіл күй сыйлап, олардың хәл-жағдайын біліп, арнайы зиярат жасады.
Іс-шара барысында қарияларға жеміс-жидекке толы себеттер тарту етіліп, ақ жаулықты аналар мен ақсақалды аталардың батасы алынды. Бұл игі бастама – ұрпақ пен үлкендер арасындағы сыйластықты нығайтып, қоғамдағы мейірім мен қамқорлықты арттыруға бағытталды.
Мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы ізгі тілегін білдіріп, қарияларға денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тіледі. Ол өз сөзінде үлкендерді құрметтеу – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы