Center Image
IHSAN.KZ
Балалар үйіне «Айттық тәттілері» үлестірілді
Балалар үйіне «Айттық тәттілері» үлестірілді

«Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді» деген тағылымды сөз – жетімдерге жанашыр болудың маңызын айқындайды. Осы орайда Қарағанды қалалық Төлеутай ата мешіті ұжымы қасиетті Ораза айт мейрамының құрметіне орай балалар үйіне арнайы зиярат жасап, тәрбиеленушілерге айттық тәттілер мен сыйлықтар үлестірді.

Іс-шара барысында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы балаларға жылы лебізін білдіріп, ізгі тілегін арнады. Мұндай игі бастама – мейірім мен қамқорлықты арттырып, қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты нығайтатын маңызды қадамдардың бірі болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz