Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен қаладағы қос мешітте тарауих намазы барысында Қасиетті Құранды толық хатым етіп оқыған қариларға ерекше құрмет көрсетілді. Жамағатқа рухани азық сыйлап, түндерді Құран нұрымен көркейткен қарилардың еңбегі еленіп, оларға 1 000 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін қаржылай сыйлық табысталды.
Бұл бастама – Құранға деген құрметтің, қариға деген ізеттің және Рамазан айының қадір-қасиетін арттырудың жарқын көрінісі. Сонымен қатар, мұндай игі істер жас буынды Құран үйренуге ынталандырып, қоғамда діни құндылықтардың нығаюына оң әсер ететіні сөзсіз.
Аталмыш шара жамағат арасында үлкен қуаныш тудырып, мешіт өмірінің жандануына, рухани бірліктің артуына өзіндік үлесін қосты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы