Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда шәкірттерге “Тәж кигізу” рәсімі өтті
Теміртауда шәкірттерге “Тәж кигізу” рәсімі өтті

Қарағанды облысына қарасты Теміртау қалалық  «Жақып Ақбай» мешітінде ұстаздардың ұйымдастыруымен Құран оқып-үйренуге қатысқан шәкірттерге арналған «Тәж кигізу» рәсімі өтті.

Атап айтқанда, Ташкенбайқызы Мадина, Дәуірғалиқызы Ақниет және Нұртайқызы Индира ұстаздардың бастамасымен өткен рухани іс-шараға қасиетті Құран Кәрім дәрісіне қатысып, сауатын ашқан 40 шәкірт қатысты. Шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталып, олардың еңбектері жоғары бағаланды.

Кеш барысында Құран хатым түсіріліп, мешіт ұстаздары тарапынан уағыз-насихат айтылды. 



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz