Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешіті балалар үйінде наурыз мерекесін атап өтті
«Төлеутай ата» мешіті балалар үйінде наурыз мерекесін атап өтті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамының құрметіне орай балалар үйінде арнайы дастархан жайылып, қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс өтті.

Іс-шара барысында балаларға арнайы дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау мақсатында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Атап айтқанда, садақ ату, арқан тартыс және асық ату ойындары бойынша балалар өзара бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, мерекелік дастарханнан балаларға дәстүрлі Наурыз көже таратылды.

Бұл игі шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz