Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешіті бүлдіршіндерге «Наурыз тәттілерін» үлестірді
«Төлеутай ата» мешіті бүлдіршіндерге «Наурыз тәттілерін» үлестірді

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай балаларға арнайы «Наурыз тәттілері» үлестірілді.

Игі шараның басты мақсаты – мерекелік көңіл күй сыйлап, өскелең ұрпақтың қуанышын еселеу. Мешіт ұжымы балаларға жылы лебіздерін білдіріп, Наурыздың береке-бірлік пен жаңару мерекесі екенін атап өтті.

Балалар өз кезегінде ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мерекелік сыйлықтарға қуанды. Мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың мейірімділік пен қамқорлыққа деген сенімін арттыра түсетіні айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz