Қарағанды қалалық “Әл Машани” мешітінің ұйымдастыруымен Ораза айт мейрамының құрметіне орай балаларға арналған мерекелік көңілді шара өткізілді.
Шара барысында аниматорлар өнер көрсетіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, балалар үшін арнайы дастархан жайылып, түрлі тәттілер ұсынылды.
Мешіт ұжымы бұл игі бастаманың мақсаты – мереке қуанышын балалармен бөлісу, олардың жүздеріне шаттық ұялату екенін атап өтті. Балалар мерекелік шарадан ерекше әсер алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы