Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы Қанат Байшолақов атындағы спорт кешенінде орналасқан «Жас сұңқар» мектебінің ұстаздары мен шәкірттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында имам жат ағымдардың алдын алу, дәстүрлі діни құндылықтарды сақтау және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, жастарға дұрыс діни білім алудың маңызы түсіндіріліп, теріс ағымдардың зияны жайында кеңінен насихат жүргізілді.
Іс-шара соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, имам тарапынан тұщымды жауаптар алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттыруға және дұрыс бағыт-бағдар қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы