Center Image
IHSAN.KZ
Хазрет Али мешітінде наурыз көже үлестірілді
Хазрет Али мешітінде наурыз көже үлестірілді

Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы кеңінен атап өтілді. Мерекелік шара аясында жамағатқа ұлттық дәстүрге сай әзірленген наурыз көже таратылды.


Игі бастаманың мақсаты – халықты бірлікке, береке мен ынтымаққа шақыру, сондай-ақ ата-бабадан қалған салт-дәстүрді насихаттау болды. Мешіт ұжымы жиналған жамағатқа мерекелік лебіздерін білдіріп, елдің амандығы мен татулығын тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz