Саран қаласына қарасты Ақтас кенті «Ерімбет Ата» мешітінің ұстазы Әмина Алмасқызының бастамасымен шәкірттердің атынан қасиетті Рамазан айында тарауих намазын жүргізген қаридың анасына айрықша құрмет көрсетілді.
Ананың перзент тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегі ескеріліп, иығына шапан жабылып, ілтипат белгісі ретінде алтын жүзік тарту етілді. Бұл — тек бір отбасыға ғана емес, барша аналарға көрсетілген ізет пен алғыстың айқын көрінісі болды.
Кеш барысында жамағатқа ақ дастархан жайылып, жүрекжарды тілектер айтылды. Әрбір сөзде ананың қадірі, оның мейірімі мен тәрбиесінің маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Бұл игі шара — Құранға қызмет етіп жүрген ұрпақты тәрбиелеген анаға деген шынайы ризашылықтың белгісі әрі ислам дінінде ананың орны қандай биік екенін тағы бір мәрте айшықтап берген тағылымды сәт болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы