Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінде рамазан айы бойы тарауих намазын жүргізіп, жамағатқа Құранмен қызмет еткен қариға құрмет көрсетілді.
Мешіт ұжымы мен жамағат атынан шынайы ризашылық білдіріліп, иығына шапан жабылып, арнайы алғыс хат табысталды. Сонымен қатар, еңбегіне деген ерекше ілтипат ретінде заманауи үлгідегі iPhone 17 Pro смартфоны сыйға тартылды.
Бұл – Қасиетті Құранға қызмет еткен жанға деген жамағаттың ыстық ықыласы мен жүрекжарды алғысының айқын көрінісі болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы