Center Image
IHSAN.KZ
«РАМАЗАННАН КЕЙІНГІ ХАЛІМІЗ»: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
«РАМАЗАННАН КЕЙІНГІ ХАЛІМІЗ»: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Рамазаннан кейінгі хәліміз» атты тағылымды семинар өтті.

Аталған іс-шараны сектордың облыс бойынша жауапты меңгерушісі Әйгерім Берікболқызы және Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызы жүргізді.

Семинар барысында әйел-қыздар жамағатына алдымен Әйгерім Берікболқызы «Рамазаннан кейінгі жүрек хәлі» тақырыбында насихат айтып, қасиетті Рамазан айында қалыптасқан игі амалдарды жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде мұсылманның рухани өмірінде тұрақтылықтың орны ерекше екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Бақыт Амантайқызы «Шәууәл айындағы рухани жаңғыру» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, Шәууәл айының артықшылықтары мен қосымша құлшылықтардың сауабы жайында кеңінен түсіндірді. Жамағатқа нәпіл оразаның, әсіресе Шәууәл айындағы алты күндік оразаның маңызы айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, рухани бағыттағы пайдалы кеңестер ұсынылды. Семинар жамағаттың рухани білімін арттырып, имандылық құндылықтарды нығайтуға өз үлесін қосты.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz