Center Image
IHSAN.KZ
Жастарды жат ағымнан сақтандыруға арналған кездесу өтті
Жастарды жат ағымнан сақтандыруға арналған кездесу өтті

Осакаров ауданының «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де жат ағымдардың алдын алуға арналған түсіндіру жиыны өтті.

Аталған шараға Осакаровка аудандық мешіті имамы Құлайберген Серікұлы арнайы қатысып, жастармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында имам жат ағымдардың қоғамға тигізетін зияны, олардың белгілері мен алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, дәстүрлі діннің құндылықтарын насихаттап, жастарды дұрыс діни бағыт ұстануға, білім алуға және саналы болуға шақырды.

Жиын ашық форматта өтіп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – жас буынды теріс діни ағымдардың ықпалынан қорғап, олардың рухани сауаттылығын арттыру.

Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай пайдалы кездесулердің жиі өткізілуін қолдайтындықтарын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz