Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған тағылымды әрі мазмұнды ұжымдық басқосу өтті.
Шара барысында дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы кеңінен насихатталып, мешіт ауласында арнайы тігілген қазақы киіз үйде ақ дастарқан жайылды. Жиналған қауымға мешіттің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы халқымыздың салт-дәстүрі мен ислам құндылықтарының бір-бірімен тығыз байланысты екенін атап өтті.
Рухани шараның жалғасы ретінде ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар ләңгі тебу мен асық ату сайыстарында бақ сынады. Белсенді жандарға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Жиын барысында мешіт ұжымы мен жамағат ерекше белсенділік танытып, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. Осындай игі бастамалар арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұралары дәріптеліп, кейінгі ұрпаққа насихатталуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы