Қарағанды қалалық «Төле би» мешітінің имамы Жумагулов Рашид Орысбайұлының ұйымдастыруымен мешіт ауласы толықтай тазартылып, жаңа асфальт төселді.
Бұл игі бастама мешітке келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған. Жөндеу жұмыстары барысында мешіт ауласы қоқыстан тазартылып, ескі жабындар алынып тасталды.
Одан кейін арнайы техника көмегімен жер тегістеліп, сапалы асфальт қабаты төселді.
Аталған жұмыстарға мешіт ұжымы мен еріктілер белсене атсалысты. Олар тазалық шараларына қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы