Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев Абай қаласындағы қарттар үйінің қызметкерлерімен кездесіп, жат ағымдардың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында имам қазіргі қоғамда белең алып отырған теріс діни ағымдардың қауіптілігіне тоқталып, олардың дәстүрлі діннен айырмашылықтарын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, жат ағымдардың белгілерін ажырата білу және одан сақтану жолдары жайында пайдалы мәліметтермен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы