Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен «Таза мешіт» атты сенбілік жұмыстары өткізілді.
Игі шараның басты мақсаты – мешіт аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны күтіп ұстау және жамағат арасында тазалық мәдениетін насихаттау болды.
Сенбілік барысында мешіт ауласы тазаланып, қоқыстар жиналып, айнала ретке келтірілді. Сонымен қатар, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, мешіттің көркі одан әрі жақсара түсті.
Аталған шараға мешіттің діни қызметкерлері белсене қатысып, бірлік пен ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Мұндай игі бастамалар қоғамда тазалыққа деген жауапкершілікті арттырып, ортақ құндылықтарды нығайта түседі.
Тазалық – иманның жартысы. Сондықтан әрбір азамат қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамай, осындай сауапты істерге атсалысуы қажет.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы