Абай аудандық мешітінде дүйсенбі және бейсенбі күндері құптан намазынан кейін Құран әліппесі мен тәжуид ережелері бойынша сабақтар тұрақты түрде жалғасуда. Бұл игі бастама – жамағаттардың діни сауаттылығын арттыруға, Құранды дұрыс әрі мәнерлеп оқуға үйретуге бағытталған маңызды рухани шаралардың бірі.
Сабақ барысында қатысушылар араб әліпбиінің әріптерін дұрыс тану, дыбыстау ерекшеліктерін меңгеру, сондай-ақ Құран оқудағы негізгі тәжуид қағидаларын үйренеді. Тәжірибелі ұстаз әрбір шәкіртке жеке көңіл бөліп, олардың білімін жетілдіруге көмектесуде. Сабақтар қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен түсіндіріліп, тыңдаушыларға қолайлы әдістермен жүргізіледі.
Аталған дәрістерге мешіт жамағаты ғана емес, Құран үйренуге ниетті кез келген азамат қатыса алады. Әсіресе жастар мен ересектердің қызығушылығы артып, қатысушылар саны күн санап көбейіп келеді. Бұл – қоғамда діни білімге деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы